Қазақша тегін рефераттар!

Біздің сауалнама
Оцените мой сайт
Всего ответов: 163
Статистика

Онлайн жинағы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Қазақша тегін рефераттар!

Басты » Файлдар » Қазақша тегін рефераттар! » Әр түрлі тақырып.

Поэззия туралы...
[ · Тегін жүктеп алу () ] 19.09.2010, 15:10

Поэзия!
Менімен егіз бе еді
ң?
Мен сені сезесі
ң бе, неге іздедім?
Алауырт
қан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім...

  Мұқағалидың кітабын оқи отырып мына сөзіне көзім түсіп кетті: «Егер біреу бір күні менің шығармашылығым мен өмірбаянымды зерттегісі келсе,ең алдымен менің шығармаларымды оқып шықсын,менің шығармаларым-менің өмірім,шығармаларымды өмірімнен бөліп алса,мен түк те емеспін» Маған оның өмір жолы қызық болса да,поэзияларын оқып шығуға уақытым болмады ма,әлде қазақтың қарғыс атқыр жалқаулығы болды ма,білмеймін,оқи қойған жоқпын.

 Ол кезде мектепте оқып жүр едім,шамасы 2007жыл-ау, Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімімі мені шақырып алып:

-Амангүл,сәуірдің 5-і күні қалалық Мұқағали оқулары болады,мектептің атынан сен барасың,кем дегенде елу өлең жаттауың керек,мектеп саған сенім артады,-деді.

  Мен болсам аң-таң,не айтарымды білмедім,сөздік қорым таусылып қалғандай...Ойға шомылып кетіппін,сондағы ойым: «мен елу өлеңді қалай ша жаттаймын,көрермендердің көзінше қалай айтамын?Қатыспасам ба екен?Қандай сылтау ойлап тапсам екен?»Тезірек есімді жидым да: 

-Жоқ,мен қатыса алмаймын...

-Амангүл,мұның не?Өзіңдей оқушылар тіпті,ауылдан келіп қатыспақшы,бұл өмірдің керемет мүмкіндігі,мұндай мүмкіндік енді келмейді,дер кезінде пайдаланып ал.Мектепті жерге қаратпақшысың ба?

-Ммм...Ал,орын ала алмасам?

ұл-байқау,байқауда ең бастысы-орын алу емес,қатысу.Ештеңе білмеймін,қатысасың!

Оның көңілін қалдырғым келмеді,жарайды дедім.

  Бірнеше күн мазасыз ойлардың жетегінде жүрдім...Ойландым...Шешім қабылдадым...

  Өзім ақын болмасам да,сол сәттен бастап поэзия менің нәрім,қуатым болды.Күш-жігерді өлеңнен алдым.Жүректі толғандырған сұрақтарға жауап алдым.Өмір деген бір күндік сәуледе тіпті бір тамшы үшін де қанағат тұтуды,тәубе қылуды,шүкіршілік етуді ұқтым.Байлықтыңұз екенін,биліктің басқа қонған құс екенін,дүниедегі ең қымбат нәрсе-бір-бірімізді өмір бойы сыйлап өтетін сіз бен біз екенін түсіндім.Өмірде қимас дос,ата-анаңнан артық байлық жоқ екенін білдім.Қамшының сабындай қысқа ғана өмірді бағалауды үйрендім.Мұқағали поэмасы жанымды тебірентіп,поэзиясы жүрегіме өшпес сәуле түсірді.Ұлы Абайды-поэзия падишаһы десем,Мұқағалиды-патшасы деу артық болмас.

    Поэзия-мәңгі жас,ешқашан қартаймайды...
Санат: Әр түрлі тақырып. | Енгізген:: Amangul
Қаралынғандар: 486 | Жүктемелер: 158 | Рейтинг: 0.0/0
Пікірлер жинағы: 0
Имя *:
Email *:
Код *: