Қазақша тегін рефераттар!

Біздің сауалнама
Оцените мой сайт
Всего ответов: 163
Статистика

Онлайн жинағы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Қазақша тегін рефераттар!

Басты » Файлдар » Қазақша тегін рефераттар! » Әр түрлі тақырып.

Біз қалаймыз?
[ · Тегін жүктеп алу () ] 19.09.2010, 15:21

 

                           Біз қалаймыз?

Жоғарыдан адам келсе малаймыз,

Жағымпазданып табанына дейін жалаймыз.

 

Біз қалаймыз?
Жоғарғы оқу орнын бітірген қағаз болса,

Өзімізді теңдесі жоқ данышпанға балаймыз.

 

Біз қалаймыз?

Қолымыз қолымызға жұқпай ақша санаймыз,

Ағайын көмек сұрап қолын созса,

Қолын қысып амандасуға ғана жараймыз.

 

Біз қалаймыз?
Қолымыз бір қызметке жетсе,

Адамға қарамаймыз,аспанға қараймыз,

Қызметтен кетсек...

Құдайымыз есімізге түсіп,жерге қараймыз.

 

Біз қалаймыз?
Біреудің қызметі жоғарыласа,

Ішіміз күйіп,тұз жалаймыз.

Қуанудың орнына  сол орыннан тайдыру үшін

Жан-жақтан иттей талаймыз!

 

Біз қалаймыз?
Ақындарымыздан гөрі жақындарымызды сыйлаймыз,

Тірі кезінде жақсылығымызды қимаймыз,

Өлген соң жабыла жоқтап,ұлы еді деп шулаймыз.

 

Сіз қалайсыз?

Санат: Әр түрлі тақырып. | Енгізген:: Amangul
Қаралынғандар: 456 | Жүктемелер: 122 | Пікірлер: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Пікірлер жинағы: 0
Имя *:
Email *:
Код *: