Қазақша тегін рефераттар!

Біздің сауалнама
Оцените мой сайт
Всего ответов: 161
Статистика

Онлайн жинағы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Қазақша тегін рефераттар!

Басты » Файлдар » Қазақша тегін рефераттар! » Пайдалы кеңестер.

Кітапты қалай оқу керек?
[ · Тегін жүктеп алу () ] 19.09.2010, 15:07

Пайдалы ақпараттарға толы кітап алдыңыз ба?Бірақ,ол кітапты оқу қиынға түсе ме?

Мен сізді түсінемін.Ондай жағдай менің де басымнан талай өткен және әлі де өтеді деп ойлаймын.Кітаптың мән-жайын білетін адамдардан қандай кітап оқуға болатынын сұрайсың,дегенмен ол адам сізге ұнайтын кітапты емес,өзіне ұнайтын кітапты оқуға кеңес береді.

Өзімнің жеке тәжірибемнен бірнеше кеңесті алға тартуға рұқсат етіңіздер.

Біріншіден,кітапты ашқан уақытта міндетті түрде мазмұнын көзбен бір шолып өтіңіз.Егер сізге мазмұны түсінікті болса,кітапты оқу сізге оңайға түседі.

Екіншіден,кітаптың тақырыбына(атына)назар аударыңыз.Егер автор өзінің туындысына жағымды,жақсы,маңызды атты ойлап тапса сізге қызық болатынына шүбе келтірмеуге болады.Ең,бастысы,кітаптан өзіңізге маңызды мәліметтер алу,рухани жағынан өсу.

Үшіншіден,сіз кітаптан нені іздедедіңіз?соны анықтап алыңыз.Нақты не іздегеніңізді анықтап алсаңыз оқуға оңай болады,әрі сізге қызық бола түспек.Кітаптың сыртқы сапасына емес,ішкі сапкасына көңіл аударыңыз.

Төртіншіден,бұл кітап туралы басқа адамдардың не ойлатыны,пікірі туралы біліп алсаңыз да артық етпейді.Әдебиетке жақын адамдардан да,тіпті,қарапайым адамның пікірін сұрап алыңыз.

Бесіншіден,бұл бөлек тақырып болсада,оқу жөнінде өз жеке ойымды айта кетейін.Қолыңыздағы кітапты оқу бөлек нәрсе,оны түсіну бөлек,сол кітапты жетік түсініп алу үшін кем дегенде үш мәрте оқып шығыңыз.Кітапты оқу үш кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең-кітапты жай ғана көзбен жүгіртіп оқып шығып,тек қана маңызды,негізді сөздерді есте сақтап қалу.

Екінші кезең-әрбір сөзін ойланып отырып оқу.

Үшінші кезең-Оқуды одан әрі күрделендіре түсу.

Менің ойымша,көптеген адамдар кітапты оқудың бірінші кезеңінен ғана өтетін секілді.(Өзім бірінші кезеңінен құлап-сүрініп өтіп шығамын.Екінші кезеңіне тіпті аттап та көрмеппін)
Санат: Пайдалы кеңестер. | Енгізген:: Amangul
Қаралынғандар: 1136 | Жүктемелер: 135 | Пікірлер: 2 | Рейтинг: 1.5/2
Пікірлер жинағы: 2
2  
керемет пайдалы кеңес екен, мен білмеген едім енді біліп жүретін боламын.

1  
ОТЕ ЖАКСЫ ЖАЗЫЛГАН. КОП РАХМЕТ

Имя *:
Email *:
Код *: