Қазақша тегін рефераттар!

Біздің сауалнама
Оцените мой сайт
Всего ответов: 163
Статистика

Онлайн жинағы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Қазақша тегін рефераттар!

Басты » Файлдар » Қазақша тегін рефераттар! » Даналық сөздер.

Қорқыттың нақыл сөдері
[ · Тегін жүктеп алу () ] 19.09.2010, 14:19

Қорқыт ата сөйлейді:

-Алла,Алла демейінше,іс түзілмес,Тәңірі бермейінше ер байымас.

Әзелде жазылмаса,құл басына құз келмес,ажал уақыты жетпейінше,ешкімде өлмес.

Өлген адам тірілмес,шыққан жан кері келмес.

Ер жігітке қара құрым мал бітсе,жияр,көбейтер,талап етер,бірақ несібесінен артығын жемес.

Гүрілдей-шұбыра сулар тасыса,теңіз болмас.

Тәкаппарлықты Тәңірі сүймес.

Көңілі пасық ерде дәулет болмас.

Жат баланы қанша сақтасаң да,ол ұл болмас,ол ішіп-жер,киер де кетер,бірақ көрдім демес.

Күл төбе болмас,күйеу бала ұл болмас.

Қара есек басына жүген кигізсең де,тұлпар болмас.

Күңге қамқа тон жапсаң да,ханым болмас.

Жапалақ-жапалақ қар жауса,жазға қалмас.

Ескі қамыс біз болмас,ежелгі дұшпан дос болмас.

Мінген атың қиналмайынша,жол алынбас.

Ер малын қимайынша,аты шықпас.

 

Қыз анадан көрмейінше,өнеге алмас.Ұл атадан көрмейінше,сапар шекпес.

Ұл-атаның ері,екі көзінің бірі.

Дәулетті ұлың болса,ошағыңның қоры болар.

Дәулетсіз ұл болса,атаның көрі болар.

Қорқыт ата тағы да сөйлейді:

-Мықты,жүйрік бедеуге қорқыт жігіт міне алмас,ол мінгенше,мінбесе игі...

Қонақ келмеген үйдің құлағаны артық.

Ат жемейтін ащы шөп біткенше,бітпегені игі.

Адам ішпес ащы су жылға қуып аққанша,ақпағаны игі.

Баба атын шығармаған жігерсіз ұл  баба белін бүгілткенше,бүгілтпегені игі.

Баба атын шығаратын дәулетті ұл болғаны игі.

Жалған сөз бұл дүниеде болғанша,болмпғпны игі.

Қорқыт ата тағы былай дейді:
-Жердің соны шөбін киік білер.

Жайылым жердің көкорай шалғынын құлан білер.

Айырым-айырым жол сүрлеуін түйе білер.

Жеті бұлақтың хош иісін түлкі білер.

Түнде керуен көшкенін қараторғай білер.

Ердің батқанын ат білер.

Ауыр жүктің салмағын тұлпар білер.

Қапелімде бастың ауырғанын ми білер.

Қыл қобызын арқалап,елден-елге,бектен-бекке жырау кезер...

Тізесін бүгіп отырған инабатты әйел көрікті.

Самай шашы ағарған баба көрікті.

Ақ сүтіне тойғыза-тойғыза емізген ана көрікті.

Үлкен шаңырақ үйдің қасына тігілген келіннің отау үйі көрікті.

Өнегелі бала көрікті.
Санат: Даналық сөздер. | Енгізген:: Amangul
Қаралынғандар: 1751 | Жүктемелер: 83 | Рейтинг: 1.0/1
Пікірлер жинағы: 0
Имя *:
Email *:
Код *: