Қазақша тегін рефераттар!

Біздің сауалнама
Оцените мой сайт
Всего ответов: 161
Статистика

Онлайн жинағы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Қазақша тегін рефераттар!

Басты » Файлдар » Қазақша тегін рефераттар! » Даналық сөздер.

Әбунасыр Әл-Фарабидің нақыл-өлеңдері
[ · Тегін жүктеп алу () ] 19.09.2010, 14:38

Қашықтасың,туған жер-қалың елңм,

Небір жүйрік болдырар жарау деген.

Шаршадым мен,жанарым талды менің,

Шаңыт жолға сарылып қарауменен.

Кері оралмай жылдарым жатыр ағып,

Қасіреттің жасына көз жуынар.

О,Жаратқан,көп неткен ақымағың,

Құм сықылды тез ысып,тез суынар.

                      ***

Бауырым,қанша сүйгенмен,

Өтеді өмір күйбеңмен.

Шындыққа бас тік алаулап,

Пенделіктен бол аулақ.

 

Жататын дәйім жаңғырып,

Бұл ғұмыр емес мәңгілік,

Бейопа мына заманда

Бақұл боп кетер адам да.

Жұрт кілең күнін көп қызық

Жіберер зая өткізіп.

                   ***

Қағаздың түсіп бетіне,

Сызықтай бейне тартылған

Тап болып,жігер сарқылған,

Кездейсоқ өмір өтіне

Қайыспай тұрса нар тұлғаң.

 

Сонда да беріп кетеміз,

Жүректің  отын молында.

Арманды аңсап өтеміз,

Біз ұлы мұрат жолында.

        ***

Тамылжып  бал тыныштық айналамнан,

Тылсым түнге құшағын жайған далам.

Мен жатырмын ұйқысыз жапа-жалғыз,

Жанымды ой жарығы аймалаған.

 

Аққан жұлдыз құласа кейде егер

Сенің нұрлы бейнең боп кеудеме өнер.

Әлдеқайда ғайыптан ынтызар ғып,

Өміріме бір ғажап сәуле берер.

          (Айдарған Аян Нысаналы)
Санат: Даналық сөздер. | Енгізген:: Amangul
Қаралынғандар: 1491 | Жүктемелер: 92 | Рейтинг: 0.0/0
Пікірлер жинағы: 0
Имя *:
Email *:
Код *: