Қазақша тегін рефераттар!

Санаттар
Біздің сауалнама
Оцените мой сайт
Всего ответов: 161
Статистика

Онлайн жинағы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Қазақша тегін рефераттар!

Басты » Файлдар » Атырау қаласы » Атырау

Атырау облысының қысқаша сипаттамасы
[ · Тегін жүктеп алу () ] 16.09.2010, 18:20

Атырау облысы
Облыс  Қазақстан  Республикасының  батыс бөлігінде орналасқан, 1938 жылы негізі қаланған  (1992 жылѓа дейін Гурьев облысы  болып аталды). Облыс  аумағы 118,0 мың  шаршы  км  жерді алып жатыр. Облыс  халқының саны 2009 жылдың 1 қазан айына   510 723 мың адамды  құрайды.
Атырау облысы негізінен ойпатты жазық болып келеді. Рельеф аумағы- көлбеулене келген, білінбей Каспий теңізі  жағалауынан жоғары көтерілген. Каспий ойпатының көп бөлігі құм мен сордан (Нарын, Тайсойған, Қарақұм) құралған.

Мұнай жєне газға бай кен орындары бар (Жайық-Ембі ауданындағы мұнай кәсіпшілігі). Қазақстан Республикасының  2006 жылдың басында мемлекеттік баланста 214 мұнай кен орындары тіркелген, оның  ішінде Атырау облысының  үлесіне  88 кен орындары бар. Алынатын жалпы ел бойынша мұнай өндірісі категориясы қорын 4,0 млрд. тоннаға бағалайды, оның ішінде облысқа 2,5 млрд. тонна  келеді.

Облыс түрлі пайдалы қазбалар қорларына  бай, олар: құрылыс өндірісінің шикізаттары (қор 52,7 млн. тоннаға бағаланады); калий тұзы (697 млн.тонна), құрылыс тасы (41,2 млн.м.куб), гипс (21,0 млрд.тонна), ас тұзы (687,0 млн. тонна), құм-қиыршық қоспасы (12,0 млн.м.куб), әктас (1,9 млн. м. куб), бор (95,2 млн.тонна), бешофит (50,0 мың. тонна); минералды сулардың қайнар көздері, натрий диоксиді, калции хлориді, магний хлориді, магний сульфаты.

Жайық - Каспий балық өнеркәсібі Қазақстан Республикасының ішкі су қорлары арасында жетекші орынға ие. Балық саласының дамуына бекіре тектес бағалы балық түрлерінің Жайық және Каспий теңізінде болуы, уылдырық  пен балықты дүниежүзілік рынокқа шығара алады. «Атыраубалық» АҚ ірі уылдырық өндірудің арқасында  көптеген елдерге экспортталады. Каспий теңізінің жақын орналасуы өндіріс салаларының, яғни балық шаруашылығы, балық өндіріс өнеркәсібі, кеме шаруашылығы өндірістерінің  дамуына  жағдай жасайды.

Климаты қуаң континенттік, жазы ыстық, қуаң болса, қысы қарсыз (не жұқа қарлы), қара суықты келеді. Қаңтардың орташа темпертурасы-8-11СО, шілде +24,+25 СО. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 100-200 мм. Облыс аумағында ірі өзен - Жайық (жалпы өзен ұзындығы -2534 км, Қазақстан жеріндегі ұзындығы - 1084 км), Ембі (712 км), Сағыз (511 км), Ойыл (800 км).Облыстағы ірі көлдің бірі - Индер (110,5 шаршы .метр).

Негізінен шөлдік-далалық өсімдіктер деп аталған өсімдік түрлерінен ғана қалыптасқан. Облыс аумағының жартысынан астамы құмдар өзен жағалауында ивалық өсімдіктер басым.

Облыс орталығы Атырау қаласында орналасқан (1992 жылға дейін-Гурьев қаласы), Жайық өзені бойында және 1640 жылы құрылған. Атыраудан Астанаға дейін - 1810 км. Облыста 7  аудан,  2 қала  (1 қала аудан қарамағында), 176  селолық елді мекен, 6 поселке бар.


Жылыой ауданы

Аудан 1928 жылы құрылған. Оның аумағы 29,3 мың ш.км. Аудан Каспий жағалауының солтүстік-шығыс бөлігіне орналасқан. Халық саны 2009 жылғы 1 қазанға 73,2 мың адам құрады. Аудан бойынша халықтың орналасу тығыздығы (1 ш. км-ге) орташа есеппен - 2,4 адам.
Аймақ рельефі - жазық. Жылыой ауданының аймағын Жем (Эмба) өзені қиып өтеді.
Аудан орталығы - Құлсары поселкесі, ол 1939 жылы құрылған.
Аудан орталығының Атырау қаласына дейінгі ара қашықтығы - 230 км.
Аудан жерінде көне-тарихи ескерткіштер, мысалы: алтын киімді Сарматтар көсемінің (біздің эрамызға дейінгі 2-4 ғасырда) жерленген мәйіт қалдықтары, ұшқан қабірі, Шерлігүл мешіті, Жұбан тамы орналасқан Аралтөбе жерінің тарихы ерекше.
Ауданда 1 кенттік әкім, 1 кенттік әкімшілік және 5 ауылдық әкімшілік орналасқан.
Ауданда халық негізінен мал шаруашылығымен, оның ішінде әсіресе, түйе және қаракөл шаруашылығын дамытумен айналысады. 2009 жылы (қаңтар - қазан) ет - 3,6 мың тонна (тірі салмақта), сиыр сүті - 4,4 мың тонна, жұмыртқа - 332 мың дана болды. 2009 жылдың 1 қарашасына  мүйізді ірі қара 19,4 мың бас, қой мен ешкі - 106,8 мың бас, жылқы - 6,4 мың бас, түйе - 8,4 мың бас құрады.

Жылыой ауданы мұнай мен газ сияқты пайдалы қазбаларға өте бай, сондай-ақ әлемдегі бай қазба орны - Теңіз өндірістік кені осы ауданда орналасқан. Сонымен қатар ауданда «Жылыоймұнайгаз» басқармасы, «Бақай» корпорациясы, «НСС», «Ғимарат», «КОССК», «Ақниет - Ембі» ЖШС-рі, «Жылыойкөлік», «Теңізавтокөлік» мекемелері жұмыс жасайды.
Атырау облысы статистика департаментінің мәліметі бойынша экономиканың нақты секторында 2009 жылдың қаңтар-қазанына 2008 жылғы қаңтар - қазанға %-бен кен өндіру өнеркәсібі -123,3, электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлу - 105,9, ауыл шаруашылығы - 102,2.

Индер ауданы


Аудан 1933 жылы құрылған. Оның аумағы 10,9 мың ш.км. 2009 жылғы 1 қазанға аудан халқының саны 31,4 мың адамды құрады.

Аймақ рельефі жазық, топырағы сазды.  Индер ауданын Орал өзені қиып өтеді.
Аудан орталығы Индер поселкесінде орналасқан, ол 1935 жылы құрылды. Индер поселкесінің Атырау қаласынан қашықтығы - 200 км. Ауданда  поселке әкімі - 1, селолық округ әкімдері - 6.

Негізгі айналысатын шаруашылығы - мал шаруашылығы, дәлірек айтқанда қаракөл тұқымдас қой түрін өсіру. 2009 жылы (қаңтар - қазан) 3,8 мың тонна (тірі салмақта) ет, 6,1 мың тонна сиыр сүті, 288 мың дана жұмыртқа өндірілді. 2009 жылдың 1 қарашасына ауданда 20,4 мың бас ірі қара, 104,4 мың бас қой мен ешкі, 6,3 мың бас жылқы, 2,7 мың бас түйе болды. Сондай-ақ, мал шаруашылығымен бірге егін шаруашылығы да дамыған. Индер ауданында «ИСИ - Гипс - Индер», «Индергаз» ЖШС-рі, «Есбол», «Жарсуат» К-рі, «Қазақтелеком» АҚ-ның аудандық филиалы, Индер желілік- өндірістік басқармасы, Индер мұнай айдау стансасы, Индер орман шаруашылығы мекемесі бар. Атырау облысы статистика департаментінің мәліметі бойынша экономиканың нақты секторында 2009 жылдың қаңтар-қазанына 2008 жылғы қаңтар - қазанға %-бен кен өндіру өнеркәсібі -80,5, электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлу - 97,8, ауыл шаруашылығы - 102,5.

Исатай ауданы

Аудан 1928 жылы құрылды. Аудан аймағы 14,7 мың ш.км. жерді құрайды. Ауданда 2009 жылғы 1 қазанғ 25,3 мың адам орналасқан.

Аймақ жері - жазық, Каспий жағалауына орналасқан, шөлейтті, жазық, топырақтың қабаты тұзды, сортаң, құрғақ. Аудан орталығы Аққыстау селосында орналасқан, оның негізі 1973 жылы қаланды.  Аудан орталығының Атырау қаласынан қашықтығы - 85 км. Ауданда селолық округ әкімдері - 7 .

 Айналысатын негізгі шаруашылығы - мал шаруашылығы, малдың етін өндіру. 2009 жылы (қаңтар-қазан) өндірілген ет 4,4 мың тонна (тірі салмақта), сиыр сүті - 3,4 мың тонна, жұмыртқа - 154 мың дана өндірілді.  2009 жылдың 1 қарашасына аудандағы мүйізді ірі қара саны - 11,6 мың бас, қой мен ешкі - 50,9 мың бас, жылқы - 8,8 мың бас, түйе - 7,4 мың бас болды.  Ауданда «Жайықмұнайгаз» басқармасынан басқа «Сазанқұрақ» қазақ американ бірлескен кәсіпорны, «Прикаспиан Петролеум», «Потенциал Ойл», «Жанбай», «Светланойл», «НБК» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері орналасқан. Сонымен қатар Аққыстау селосында «Әдемі үй» ЖШС-гінің қарамағындағы кірпіш зауыты жұмыс жасайды. Атырау облысы статистика департаментінің мәліметі бойынша экономиканың нақты секторында 2009 жылдың қаңтар-қазанына 2008 жылғы қаңтар - қазанға %-бен кен өндіру өнеркәсібі -97,0, ауыл шаруашылығы - 104,7

Қызылқоға ауданы

Аудан 1944 жылы құрылды. Аудан көлемі 24,9 мың ш.км жерді алады. Халық саны 2009 жылғы 1 қазанға 32,5 мың адам болды.

Аймақ рельефі - жазық. Аудан орталығы Миялы селосында орналасқан, негізі 1959 жылы қаланды. Аудан орталығының Атырау қаласынан қашықтығы - 300 км. Ауданда 10 селолық округ әкімдері бар.

Қызылқоға ауданын Ойыл және Сағыз өзендері қиып өтеді.
Айналысатын негізгі шаруашылығы - мал шаруашылығы, малдың етін өндіру. 2009 жылы (қаңтар - қазан) 9,4 мың тонна ет (тірі салмақта), сиыр сүті - 10,9 мың тонна, жұмыртқа - 326 мың дана өндірілді. 2009 жылдың 1 қарашасына аудандағы ірі қара саны - 43,3 мың бас, қой мен ешкі - 144,5 мың бас, жылқы - 7,1 мың бас, түйе - 2,2 мың бас болды.
Аудан экономикасына мұнай-газ саласы да елеулі үлес қосып келеді. Аудан өмірінде «Қайнар» мұнай-газ өндіру басқармасы мен «Мәтен» қазақ-түрік біріккен кәсіпорнының алып отырған орны ерекше. Атырау облысы статистика департаментінің мәліметі бойынша экономиканың нақты секторында 2009 жылдың қаңтар-қазанына 2008 жылғы қаңтар - қазанға %-бен кен өндіру өнеркәсібі -92,3, ауыл шаруашылығы - 111,7

Құрманғазы ауданы

Аудан 1928 жылы құрылған. Аудан көлемі - 20,8 мың ш.км. Халық саны 2009 жылғы 1 қазанға 59,1 мың адам болды.

Аймақ рельефі жазық тегістік. Аудан орталығы Ганюшкин селосында орналасқан, ол 1793 жылы құрылды. Аудан орталығының Атырау қаласынан ара қашықтығы 260 км. Ауданда 19 селолық округ әкімдігі орналасқан. Құрманғазы ауданын ірі өзендердің бірі - Қиғаш өзені қиып өтеді. Айналысатын негізгі шаруашылық бағыты - қой шаруашылығы, әділбай қой тұқымын өсіру. Сонымен бірге егін шаруашылығы да дамыған. 2009 жылы (қаңтар - қазан) 8,2 тонна ет (тірі салмақта), 10,2 тонна сиыр сүті, 128 мың дана жұмыртқа өнімдері алынды. 2009 жылғы 1 қарашаға мүйізді ірі қара - 41,6 мың бас, қой мен ешкі - 174,6 мың бас, жылқы - 16,7 мың бас, түйе - 6,6 мың бас болды. Аудан көлемінде жұмыс жасап тұрған ірі кәсіпорындар бар, олар «Мақаш» ӨК-і, «Сүйіндік» ААҚ-ы, «Ақжонас» ЖШС-і, «Құрманғазы» ӨК-і, «Каспий балық» К-і және т.б.
«Мақаш» ӨК-і, «Құрманғазы» ӨК-і, «Сүйіндік» ААҚ-ы, «Ақжонас» ЖШС-і мал шаруашылығымен, малдарды асылдандандыру жұмысымен айналысады. «Каспий балық» ӨК-і балық аулау және оны өңдеумен айналысады. Cтатистика мәліметі бойынша экономиканың нақты секторында 2009 жылдың қаңтар-қазанына 2008 жылғы қаңтар - қазанға %-бен кен өндіру өнеркәсібі -71,7, электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлу - 102,7, ауыл шаруашылығы - 100,5, құрылыс - 131,7

Мақат ауданы

Аудан 1924 жылы құрылды. Оның көлемі 4,9 мың ш.км. жерді қамтиды. 2009 жылғы 1 қазанға  ауданда тұратын халық саны 29,4 мың адам болды.
Аймақ жері жазық, тегіс. Аудан орталығы Мақат поселкесінде орналасқан, оның негізі 1924 жылы құрылды. Аудан орталығының Атырау қаласынан ара қашықтығы - 130 км. Ауданда  2 поселке және 4 селолық округ бар. Мақат ауданын Сағыз өзені қиып өтеді. Аудан аумағында «Доссормұнайгаз» басқармасы, «Доссормұнаймаш» ЖШС-гі, «Мақат газ айдау стансасы», «Мақат энерго жөндеу» мекемелері, Мақат локомотив пайдалану депосы, «Мақат сервис - 2004», «Локомотивтік сервис орталығы» ЖШС-гі жұмыс жасайды. Статистика мәліметтері бойынша экономиканың нақты секторында 2009 жылдың қаңтар-қазанына 2008 жылғы қаңтар - қазанға %-бен кен өндіру өнеркәсібі -100,2, электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлу - 101,9, ауыл шаруашылығы - 102,5.

Махамбет ауданы

Аудан 1938 жылы құрылды. Аудан жері 9,6 мың ш.км. 2009 жылғы 1 қазанға аудан халқының саны 30,6 мың адам болды. Аймақ рельефі - жазық, топырағы ақ таңдақ, құмды. Аудан орталығы Махамбет селосында орналасқан, оның негізі 1928 жылы құрылды.  Аудан орталығының Атырау қаласынан қашықтығы 67 км. Ауданда 11 селолық округ әкімдігі орналасқан. Махамбет ауданын Орал өзені кесіп өтеді. Ауданның айналысатын негізгі шаруашылығы - көкөніс, сүт өндіру. 2009 жылы (қаңтар - қазан) 3,5 мың тонна ет (тірі салмақта), 7,0 мың тонна сиыр сүті, 185 мың дана жұмыртқа өндірілді. 2009 жылғы 1 қарашаға аудандағы мүйізді ірі қара - 18,5 мың бас, қой мен ешкі - 59,1 мың бас, жылқы - 3,5 мың бас, түйе - 3,0 мың бас құрады. Ауданда мал және егін шаруашылығымен айналысатын «1 Мамыр» ЖШС-гі, «Райхан», «Раушан», «Қорған» шаруа қожалықтары, «АтырауАгроөнімдері» АҚ-ы, «Мұра», «Дастан» ӨК-рі бар. Статистика мәліметтері бойынша экономиканың нақты секторында 2009 жылдың қаңтар-қазанына 2008 жылғы қаңтар - қазанға %-бен кен өндіру өнеркәсібі -123,3, электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлу - 105,9, ауыл шаруашылығы - 102,2.
Санат: Атырау | Енгізген:: Amangul
Қаралынғандар: 4580 | Жүктемелер: 214 | Рейтинг: 0.0/0
Пікірлер жинағы: 0
Имя *:
Email *:
Код *: