Қазақша тегін рефераттар!

Санаттар
Біздің сауалнама
Оцените мой сайт
Всего ответов: 163
Статистика

Онлайн жинағы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Қазақша тегін рефераттар!

Басты » Файлдар » Атырау қаласы » Атырау

Атырау қаласы(уикипедиядан)
[ · Тегін жүктеп алу () ] 16.09.2010, 18:27

Атырау қаласы


Атырау көрінісі

Атырау ресми 
таңбасы
Таңбасы

Атырау 
(Kazakhstan )

Атырау

Қазақстанда орналасуы

Бойлық-ендігі: 47°07′N 51°53′E / 47.117, 51.883

Елі

Flag of Kazakhstan.svg

Қазақстан Республикасы

Облысы

Атырау облысы

Орнатылуы
  Қала күйі
  Қазіргі аты
Бұрынғы атаулары

1640
1885
1992
Гурьев, Чапаев, Усть-Яицкий городок, Нижний Яицкий городок, Яицкий городок, Үйшік, Лаэти

Әкімшілігі

 — Әкімі

‎Сәлімжан Нақпаев

Аумағы

 — Қала

3500 km² (1 351,4 sq mi)

Жоғарылауы

-20 m (-66 ft)

Жұрты (2007)

 — Қала

320 000

 — Қонысы

154 100

Уақыт белдеуі

UTC+5 (UTC+5)

Пошта белгілімесі

060001 - 060011

Өңірлік белгілемесі

+7 7122

Торабы: http://www.e-atyrau.kz/kaz

АтырауАтырау облысының орталығы, Қазақстанның батысында, Жайық бойында орналасқан, қаланың негізі 1640 жылы қаланды.

 


Атауы

Қала жеріндегі белгілі тұңғыш тұрақты қоныс — қазіргі «Орбита» стансасы қасындағы Алтын Орда кезеңіндегі болған Лаэти асары. Ноғай Ордасы кезеңінде балықшылардың тұрақты Үйшік қонысы Жайық өзені сағасында орналасқан.

Қазақ-орыстар ену бастағанда 1640 ж. Яицкий городок аталған қалашық салынған. Жайықтың жоғарысында Верхний Яицкий городок (қазіргі Орал қаласы) деген қалашық салынғансын, Нижний Яицкий городок деп аталып кеткен, соңынан ол — Усть-Яицкий городок.

Ресей император айымы Екатерина II Яик өзенін (Жайықтың орысша атауы) Урал деп атауын жарлығымен бекіткенде, қаланың атауы Гурьев городок, Гурьев деп өзгертілген.

1920 жж. қысқа уақытқа большевиктер Гурьевті Чапаев деп қайта атаған.

1992 ж. бері қала атауы — Атырау. Бұрын атырау[1] деп Махамбет ауданындағы топырақтар аталған.

Жағрапиясы

Атырау қаласы мен Астана қаласының ара қашықтығы — 1810 км.

Қаланы Жайық ағыны екі жаққа бөледі: батыстағы Самар қанаты мен шығыстағы Бұқар қанаты.

Климаты өте континентальдық, қуаң. Жазы жауын-шашынсыз, құрғақ, ыстық ұзаққа созылады. Қыс мезгілінде қар аз жауып, суық болады.

Әкімшілік бөлінісуі

Қалаға бағынышты Балықшы кенті мен Жұмыскер кенті, бұрыңғы Балықшы ауданы 1990 жж. ортасында қалаға қосылғансын, аулды мекендер де бар.

Жұрты

2007 ж. қаңтардың 1-інде қала әкімшілігі тұрғындарының саны 207,2 мың адам құрады, оның ішінде:

  • Атырау қаласы — 154,1 мың адам;
  • Балықшы кенті — 17,1 мың адам;
  • Жұмыскер кенті — 6,7 мың адам;
  • Ауылдық тұрғындар — 28,2 мың адам.

Экономикасы

2007 ж. қаңтардың 1-інде тіркелген заңды тұлғалар саны 5195-ке жетті, оның 4875-і шағын, 275-і орта, 45-і ірі заңды тұлғалар.

2006 ж. 3319,5 мың тонна мұнай өнімі өңделді, одан 493,7 мың тонна моторлық отын (бензин); 1122,2 мың тонна газойл; 1389,9 мың тонна отындық мазут; 123,6 мың тонна мұнайлы кокс алынды. Электр қуатын өндіру 1442,9 млн кВт/сағ; жылу қуаты — 1624,4 мың кКал құрады.

Негізгі тамақ өнімдерінен: 18 тонна шұжық; 5784 тонна қалбырланған балық; 323 тонна өңделген сұйық сүт пен кілегей; 7370 тонна жаңа піскен нан өндірілді.

Атырау қаласының әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің артуына «Қазмұнайгаз» ӨФ-ы, «Атырау мұнай өңдеу зауыты», «Қазтрансойл», «Атыраубалық», «Заман групп», ЖШС-рі, «Атырау жарық», «Облтрансгаз», «Атыраусушар», «Атырау су арнасы», т.б. мекемелер ауқымды үлестерін қосуда.

Оқу орындары

  • Жалпы білім беретін мектеп саны — 68;
  • Мектепке дейінгі мекеме саны — 25;
  • Жоғарғы оқу орны — 4;
  • Орта арнаулы оқу орны — 11.

Тағы қараңыз

Сыртқы сілтемелер

Atyrau City ақпараттық-танымдық торабы
Санат: Атырау | Енгізген:: Amangul
Қаралынғандар: 1902 | Жүктемелер: 164 | Пікірлер: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Пікірлер жинағы: 0
Имя *:
Email *:
Код *: